МЕМОРАНДУМ НЕГІЗІНДЕ АТҚАРЫЛУЫ ТИІС ЖҰМЫСТАР БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудан прокуроры Дастан Мырзағали Кемеқалған ауылдық округі Ақбастау елді мекенінде округ халқымен, “Шымкентцемент” ЖШС басшысы Иван Пакпен кездесті.
Кездесу барысында “Шымкентцемент ” ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында түзілген үш жақты меморандум негізінде атқарылған жұмыстар барысымен таныстырды.
Серіктестік меморандумға сәйкес Алғабас, Ақбастау, Киелітас елді мекендерінде спорт кешенінің құрылысын жүргізіп, Киелітас, Кемеқалған ауылдық округтеріне ауыз су ұңғымасын бұрғылауы қажет еді.
Мекеме басшысы Иван Григорьевич ауыз су ұңғымаларын қазу кезінде туындаған проблемаларды баяндап, Ақбастау елді мекеніндегі спорт кешенінің құрылысын жүргізудегі кедергілерді әңгімеледі.
Ашық пікір алмасу, сұрақ-жауапқа арналған кездесуде меморандум негізінде атқарылуы тиіс әр нысан бойынша түсіндірді.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1003531?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version