“Мектепті бітіру кештері”, “Халықаралық балаларды қорғау күні” сияқты бірқатар мерекелік іс-шаралар күтіп тұр. Бұл күндері дәстүрлі түрде мейрамханалар мен кафелерде, саябақтарда жаппай мерекелер, табиғатқа серуендеу жоспарлануда.
Осы мерекелік кезеңде мекеме қонақтары тапсырыс берілген тағамға көңілі толу үшін қоғамдық тамақтандыру нысандары қарқынды дайындалады.
Адамдар жаппай жиналатын мерекелік орындары шағын дүңгіршектерде сатылатын тез тамақтандыру тағамдарымен (фастфудтармен) гамбургерлер, фри картобы, донер, пицца, шаурма, сэндвичтер, балмұздақ және т.б. сияқты тағам түрлерімен тұрғындарды қуантып жатады.
Сонымен қатар, жаппай мерекелеу орындарында кәсіпкерлер де көшпелі сауда-саттықты жоспарлайды.
Әрине, ешкім мереке соңы тамақтан улануға әкелуі мүмкін дене қызуымен, жүрек айнуы, құсумен аяқталғанын қаламайды.
Тамақтан уланудың негізгі себептері – тамақ дайындау технологиясының бұзылуы, көп мөлшерде тамақ дайындау, әсіресе салаттар мен басқа да тез бұзылатын өнімдер, жарамдылық мерзімі өткен шығу тегі белгісіз тағамдарды сатып алу және оларды дұрыс сақтамау, тамақ дайындау процесінде жеке гигиена ережелерін сақтамау.
Қоғамдық мерекелерде ең танымал тағамның бірі – жұмсақ балмұздақ, бұл санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамаған кезде қауіп төндіретін және ішек инфекциясына немесе сальмонеллезге әкелуі мүмкін тез дайындалатын өнім.
Осыған байланысты тамақтан улану, токсикоинфекция, ботулизмнің алдын алу мақсатында пикниктерді ұйымдастыру кезінде тұрғындарға:
– көшедегі демалыс орындарында болған кезде, гигиенаның қарапайым ережелері ескерілмеген сауда орындарында азық-түлік сатып алудан аулақ болуды;
– сатып алу кезінде және тұтынар алдында өнімді дайындау күнін, сақтау шарттарын және сату мерзімін тексеруді;
– бұзылу белгілері бар, қаптаманың тұтастығы бұзылған және таңбаланбаған тамақ өнімдерін, оның ішінде тез бұзылатын өнімдерді (жаңа піскен балық, десерттер, кремдері бар кондитерлік өнімдер, сүт өнімдері, жұмсақ пісірілген жұмыртқа) сатып алмауды;
– көкөністер мен жемістерді алдын ала кеспей, жууды;
– тамақ өнімдеріне арналған бір реттік ыдысты пайдалануға, бір реттік ыдысты қайта пайдалануға тыйым салынады;
– ішуге қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалануды, қол гигиенасын сақтау үшін суды артығымен алуды;
– рұқсат етілмеген сауда орындарында үйде дайындалған тамақ өнімдерін сатып алмауды;
– өндірушінің зауыттық қаптамасына оралған порцияланған балмұздаққа артықшылық беруды;
– жеке гигиена туралы ұмытпауды, көшеде тамақ ішер алдында қолды санитарлық майлықтармен сүртуді;
– қоқысға арнайы пакеттерді алуды ұмытпаңыз, тамақ қалдықтарын сөмкелерге салып, өзіңізбен бірге алып кетуді ұсынамыз.
Қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін, сондай-ақ көшпелі сауданы ұйымдастыру кезінде кәсіпкерлерге келесілерді ұсынамыз:
– ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда объектіні жарамды сумен, суық және ыстық сумен қамтамасыз ету;
– өнімді шығару кезінде технологиялық процестердің ағымдылығын, дайындау технологиясын сақтауды, тез бұзылатын өнімдер үшін тоңазытқышпен қамтамасыз ету;
– азық-түлік (тамақ) шикізатын және дайын тамақ өнімдерін кесу үшін таңбаланған жеке кесу мүкәммалын (кесу тақталары, пышақтар) пайдалану;
– тамақтану объектісінің қажеттілігін ескере отырып, асханалық, шай ыдыстарымен және ас құралдарымен, сондай-ақ бір реттік ыдыс, буып-түю материалының жеткілікті қорының болуын;
– азық-түлік (тамақ) шикізатының, тамақ өнімдерінің әрбір партиясы олардың қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттармен, сондай-ақ қауіпсіздікті растайтын құжаттар болуы тиіс. Тез бұзылатын тамақ өнімдері үшін тауарға ілеспе құжаттарда дайындау уақыты мен күні, сақтау шарттары (температура, қажет болған жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдылығы), өнімнің соңғы жарамдылық мерзімі көрсетіледі. Өнімді жеткізу арнайы автокөлікпен қамтамасыз етіледі.
– тауарлық көршілік ережелерін сақтауға, тамақ өнімдерін бөлек, түрлері бойынша, сөрелерде сақтауға, пайдалануға дайын тамақ өнімдерін алдыңғы күннің қалдықтарымен араластыруға жол бермеуге;
– үйде (өнеркәсіптік емес) консервілеу өнімдерін (маринадталған саңырауқұлақтар, маринадталған қияр, қызанақ және т.б.) пайдалануға тыйым салынады;
– тамақтану объектісінің персоналы таза арнайы киіммен, қолды жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етіледі және медициналық тексеруден, жеткілікті мөлшерде гигиеналық оқытудан өткен соң ғана жұмысқа жіберіледі;
– тамақтану объектісінің қызметкерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды;
– тамақ қалдықтарын жинау және жою қағидаларын сақтауға, меншікті және іргелес аумақты тиісті санитарлық жағдайда ұстауға міндетті.
Мереке күндері де өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қарау керек екенін еске саламыз, осы ұсыныстарды орындау тамақтан уланумен байланысты ауру-сырқаттардан аулақ болуға көмектеседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1003515?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау