ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Еркін Қуанышев Талас ауданы, Ақкөл ауылында іс-сапары барысында «№6 Талас аудандық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Өкіл Қазақстан Республикасының Конституциясының, БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, оның маңызы мен міндеті, адам мен азаматтың 40 іргелі құқықтары оларды қорғау және іске асыру тетіктері, сондай-ақ Конституцияда адам және азаматтарға кепілдік берілген құқықтар, «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңның негізгі ережелері мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілінің функционалдық міндеттері мен атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Өкіл кездесу қорытындысы бойынша Орталық қызметкерлеріне қызмет алушылардың ар-намысы мен құқықтарын құрметтеу, заңға сай әрекет ету, сондай-ақ ұжымның кері байланысының маңыздылығына және қызмет алушылар үшін қолайлы және тиімді ортаны құрудағы әрбір қызметкердің рөліне ерекше назар аудару қажеттілігін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-zhambyl-oblysy/press/news/details/1003626?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау