Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай Түлкібас ауданы, Машат шатқалында орналасқан «Отырар» балалар лагеріне барып, ол жердің жазғы балаларды қабылдау маусымына дайындық барысымен танысты. Аудандық білім бөлімінің басшысы Құдайберген Шербаев аталған лагерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін тиісті қаржы қаралып, шатыр ауыстыру, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізіліп жатқаны жөнінде баяндады. Сондай-ақ, кереуеттер мен төсек орындары жаңартылатынын айтып өтті.
Қайрат Жолдыбайұлы жауапты мамандармен лагерді толық аралап шығып, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына ерекше мән беруді тапсырды. Аудан әкімі лагерь айналасының тазалығын толық реттеп, өзен бойындағы көпір қоршауларын күшейту, бейнебақылау камераларын орнату, ас бөлме, жатын орындағы санитарлық талаптардың сақталуын басты назарға алуды тапсырды.
Айта кетейік, биылғы жылы аудандағы 1050 мектеп оқушысын жазғы лагерге жіберу жоспарланған. Отырар ауданының білім бөліміне қарасты балалардың жазғы сауықтыру демалыс лагеріне 31 жалпы білім беретін мектептен оқушылар қамтылады. Әр ауысымда 150 баладан демалып, лагерь 7 ауысым бойынша жұмыс істейді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-koksarai/press/news/details/1003488?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау