Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Абайдың 180 жылдығын қызметкерлер арасында байқаумен атап өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әр халықтың даналық пен рухани мұраның символына айналған көрнекті тұлғасы бар. Қазақ халқы үшін ұлы ойшыл және ағартушы Абай Құнанбаев осындай адам болып табылады. Оның білім, әділеттілік және адамгершілік туралы идеялары бүгінгі күнге дейін өзекті. Абай қазақ халқын ағартушы, мықты және еркін көруді армандап, өмірін осы мұраттарға арнады.

“Заң және тәртіп” идеясын ілгерілету аясында және Ұлы ақын және философтың 180 жылдығына орай Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментімен қызметкерлер арасында “Абай оқулары” байқауы ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылар Абайдың өлеңдерімен “Қара сөздерін” оқып, оның сөздерінің мәнін жеткізуге тырысты.

Іс-шара Абайдың өмір жолы туралы естеліктермен және ол туралы фильм көрумен басталды. Қызметкерлер жүлделі орындар бойынша бағаланып, кітап түріндегі сыйлықтармен марапатталды. 

 

#Заң_мен_Тәртіп   
#ЗАҢменТӘРТІП  

 

#Aбай_180_жыл

 

#Незабвенные_мудрые_слова_Абая

 

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, 1424 нөмірі арқылы немесе @antikorkz_bot Telegram-боты шұғыл хабарлаңыз!

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-pavlodar/press/news/details/1003628?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version