Президент Кеңесшісі Ақтөбе облысының активімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Президент Кеңесшісі Ақтөбе облысының активімен кездесті
 
Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың облыс активімен жұмыс кездесуі өтті.
 

Іс-шараға өңір басшысы Асхат Шахаров, мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Кездесу барысында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Сұлтанғалиұлы Мақсатов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инвестициялық әлеуеті туралы баяндама жасады. Шағын және орта бизнесті қолдау, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелеріне баса назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-ekonomika/press/news/details/1003644?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version