Қазақстанның биоалуантүрлілігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан бірегей табиғи мұра және биоәртүрлілікке бай елдердің бірі болып саналады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар еліміздің 10% – дан астамын алып жатыр. Олардың жалпы ауданы – 29,3 млн га.

Республикада омыртқалы жануарлардың 835 түрі, оның ішінде сүтқоректілердің-178 түрі, құстардың – 489, бауырымен жорғалаушылардың – 49, қосмекенділердің – 12 түрі кездеседі.

Айта кету керек, омыртқалы жануарлардың 132 түрі мен кіші түрлері сирек және жойылып кету қаупі бар.

Қазіргі таңда сирек кездесетін тұяқты жануарлар – тоғай бұғысы, құлан, арқар және қарақұйрық санының жыл сайын артуы байқалады.

Сондай-ақ, киіктерді қорғау жөніндегі жүйелі шаралардың арқасында, олардың санын 2003 жылы 21 мыңнан 2024 жылы 2 млн.800 мыңға дейін көбейді. Бұл жануардың әлемдік популяциясының 98% – ы біздің елімізде шоғырланған.

Жабайы жануарларды реинтродукциялау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Осылайша, Нидерландыдан Іле-Балқаш резеваратының аумағына 2 Амур жолбарысы әкелінді,  мұнда тұяқтылардың санын көбейту жұмыстары да жүргізілген.

Сондай – ақ, өткен жылдың маусым айында Чехия мен Германиядан 7 бас Пржевальский-керқұлан, кертағы жылқысы жерсіндірілді, олар бейімделу кезеңінде “Алтын Дала” резерватының аумағындағы арнайы вольерге орналастырылды. Ағымдағы жылы оларды табиғи мекендеу ортасына шығару және жаңа партияны қайта жерсіндіру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қазақстанда 6000-нан астам өсімдік түрі кездеседі,  оның 387-сі Қызыл кітапқа енгізілген.

Биоәртүрлілікті сақтау – бұл ортақ жауапкершілік және тұрақты болашаққа қадам. Оған табиғатты қорғау, ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық бастамаларды қолдау арқылы әркім өз үлесін қоса алады. 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1003438?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version