Сіздерді тағы бір оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймын!
Бүгін – сіздер үшін толқынысқа, қуаныш пен қимастыққа толы ерекше күн. Соңғы қоңырау – мектеп қабырғасындағы балалық шақпен қоштасу, үлкен өмірге жол ашатын сәт. Бұл күн – әр түлек үшін өміріндегі жаңа белестің бастауы.
Төлеби ауданы бойынша 28176 оқушы болса, олардың 1612 мектеп бітірушілер. Олардың 103 «Алтын белгі», 113 «Үздік аттестат» үміткерлер. Бұл қуантарлық жағдай.
Қымбатты түлектер! Сіздерді алда үлкен өмір, жауапты таңдау, биік мақсаттар күтуде. Армандарыңыз асқақ, жолдарыңыз ашық болсын! Қай жолды таңдасаңыздар да, Отанға, елге адал қызмет ететін, білімді де тәрбиелі азаматтар болуларыңызға тілектеспіз.
Соңғы қоңырау – жаңа өмірге ашылған есік. Әрдайым алға ұмтылып, биікке жетулеріңізге тілектеспін.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау