2025 жылы «Абай облысының Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ филиалының деректері бойынша шегірткелерге қарсы өңдеудің жалпы есептік ауданы 81,4 мың га құрайды, оның ішінде 36,6 мың га саяқ шегіртке бойынша, 44,8 мың га үйірлі шегірке бойынша (азиялық шегіртке – 24,7 мың га, итальяндық прусс – 20,1 мың га).
2025 жылғы 23 мамырдағы жағдай бойынша 30 бірлік техниканың, 25 техниканың саяқ шегірткеге қарсы өңдеуге, 5 бірлік техника үйірлі шегірткеге қарсы өңдеуге арналған, 22 бірлік техника жұмыс орнына жеткізіліп (19 саяқ шегіртке, 3 үйірлі шегіртке) жұмыс орнына жеткізілді, 3 техника жолда.
Қазіргі таңда саяқ шегірткелерге қарсы өңделген алаң Абай ауданы бойынша 350 га, Ақсуат ауданы бойынша 910 га, Аягөз ауданы бойынша 510 га,Бесқарағай ауданы бойынша 240 га, Үржар ауданы бойынша 620 га, Мақаншы ауданы бойынша 480 га, Жарма ауданы бойынша 600 га. Көкпекті ауданы бойынша 140 га және Жаңасемей ауданы бойынша 260 га құрады.Барлығы 4110 га өңделді.
Бұл мәселе тұрақты бақылауда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-agro/press/news/details/1003510?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау