ТӨЛЕБИДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Семинарға аудандағы 20-дан астам үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысып, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, энергия мен жылуды үнемдеу, экологиялық сана мен жауапкершілікті арттыру жөнінде маңызды ақпараттармен танысты.
Аталған іс-шара облыстық қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы бойынша, «ЖАЛЫН» жастар ұйымының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Семинарға үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, тұрғындарды экологиялық мәдениетке, қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу туралы арнайы баяндамалар жасалды.
Қатысушылар тренинг барысында өз ой-пікірлерін ортаға салып, түрлі ұсыныстар білдірді.
 
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1003522?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version