Соңғы қоңырау- мектеп оқушылары, әсіресе мектеп бітіруші түлектер үшін ерекше күн. Тәртіп сақшылары жыл сайын соңғы қоңырау күні күшейтілген режимде жұмыс істейді. Дәл осы күні мектеп бітірушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Арнайы рейд ұйымдастырып, қымбат көлік жалдап, көшенің тынышын бұзатын түлектермен күреседі. Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушылық пен оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында автокөлікті жалға беру орындарын аралады.
Аралау барысында мекеме басшыларына кәмелетке толмаған жасөспірімдерге басқару құқығынсыз автокөлікті бермеу қажеттігілігі айтылды. Арнайы кортеждерді ұйымдастыру кезінде көлік жүргізушілері жол ережелерін өрескел бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертті.
Құрметті ата-аналар! Құқықбұзушылық пен оқыс жағдайларды болдырмас үшін балаларды қатаң қадағалауды сұраймыз! Бар байлығымыз – балалар, ал олардың алаңсыз білім алып, қауіпсіз өмір сүруіне әрқайсымыз жауаптымыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1003641?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау