Жамбыл облысында табиғи өрттерді сөндіру бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      «Өрт – 2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы шекаралық аумақта шартты табиғи өртті сөндіру бойынша трансшекаралық тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.

     Оқу-жаттығу Жамбыл облысы Жамбыл ауданына қарасты Қызылқайнар ауылдық округінің аумағында өтті.

     Іс-шараның мақсаты – өңірдің және көршілес Қырғыз Республикасының азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің аумақтық және салалық кіші жүйелерінің төтенше жағдайлар кезіндегі, оның ішінде табиғи өрттер туындаған жағдайдағы бірлескен іс-қимылдарын пысықтау.

      Оқу-жаттығуға өрт шыққан жерге жақын орналасқан бес ауылдық округтің ерікті өртке қарсы құрылымдары, Жамбыл облысының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің орман өрт сөндіру командалары, сондай-ақ облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру-құтқару бөлімшелері, Полиция департаменті және әскери қызметшілер тартылды.

Оқу-жаттығу барысында келесі іс-қимылдар пысықталды:

  • өрт туралы хабарламаларды қабылдау және тиісті қызметтерді құлақтандыру, өртті барлау;
  • Қырғыз Республикасы ТЖМ Талас облысы бойынша кезекшісіне трансшекаралық өрт туралы хабарлау және жедел ақпарат алмасу;
  • ерікті өртке қарсы құрылымдарды құлақтандыру, жинау және өрт орнына жеткізу, олардың әрекеттерін үйлестіру;
  • өрттің мемлекеттік орман қорына таралуына жол бермеу үшін орман өрт сөндіру командаларын тарту;
  • елді мекендерге таралу қаупі туындағанда ДЧС күштерін жұмылдыру;
  • халықты құлақтандыру, эвакуациялау және жинау пункттерін ұйымдастыру;
  • байланыс пен электр желілері бүлінген жағдайда қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • малдарды көшіру, із-түссіз кеткен адамдарды іздестіру, құтқару жұмыстарын жүргізу;
  • барлық құрылымдардың іс-қимылдарын табиғи өрттерді сөндіру алгоритміне сәйкес үйлестіру.

        Оқу-жаттығуға жалпы саны 300-ден астам адам мен 50-ден астам техника бірлігі жұмылдырылды.

      Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша барлық қатысушы күштер мен құралдарға баға берілді. Жеке құрам шынайы жағдайға барынша жақын ортада тапсырмаларды орындауға дайын екенін көрсетті.

Табиғи өрттерді сөндіру бойынша осындай оқу-жаттығулар облыстың барлық аудандарында өткізілді. Өрт туындау қаупін азайту мақсатында облыстық ТЖД өрт қаупі жоғары кезеңде үнемі алдын алу шараларын жүргізуде.

 

     Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1003463?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version