Түркістан облысы Полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен “Жас қозғалыс инспекторлары -2025” слеті өтті. Аудандық білім бөліміне қарасты мектеп оқушылары арасында өткізілген бұл байқауға бірнеше мектептің оқушылары қатысып, жоғары деңгейде белсенділік танытты.
Оқушылар арасында жол ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, көшедегі қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын үйрету және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында өткізілген бұл шарада 100-ге тарта оқушы қамтылды.
Сайыс барысында оқушылар жол белгілерін тану, алғашқы көмек көрсету, жолда жүру ережелері бойынша білімдерін көрсетті. Әділқазылар қатысушылардың белсенділігін, шапшаңдығын және тәртіптілігін жоғары бағалап, үздік командалар алғыс хаттармен марапаталды.
Аталған шара оқушылардың тек білімін ғана емес, өзара достығын, ұйымшылдығын да нығайтуға себеп болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1003635?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау