ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ – АҚ ЖОЛ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Әль-Фараби жалпы орта мектебінде мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мектеп бітірушілерге арналған әсерлі шараға аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров арнайы қатысып, білім мен тәрбие жолында еңбек етіп жүрген ұстаздардың еңбегін ерекше атап өтіп, оқушыларға жарқын болашақ тіледі.
Іс-шара барысында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері аудандық мәслихатының Грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар,
әскери дайындық бойынша аудандық деңгейде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген оқушыларға Алғыс хаттар табысталды.
Шара жылы жүздесулер мен естелік суреттерге ұласып, түлектер үшін есте қаларлық ерекше сәттермен жалғасты.
 
Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1003575?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version