Астанада Нұржол бульварының учаскесі уақытша жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұржол бульварының Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 31 мамыр  мен 5 маусым аралығында алдымен Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейін, содан кейін Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс кезең-кезеңімен жабылатын болады. Учаскелердегі қозғалыс толығымен жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1002943?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version