ҚҰРМЕТТІ МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР, ҚАДІРЛІ ҰСТАЗДАР, АТА-АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР!
Сіздерді білім мен тәрбие жолындағы тағы бір маңызды белес — 2024–2025 оқу жылының сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жыл сіздер үшін табысты да мазмұнды болды. Әр күн сайын жаңа білімге ұмтылып, өз қабілеттеріңізді шыңдадыңыздар. Әсіресе, мектеп бітіруші түлектер үшін бұл кезең өмірдің жаңа баспалдағына жол ашатын ерекше сәт. Сіздер еліміздің болашағысыздар, жарқын ертеңіміздің иесісіздер.
Сіздердің бойларыңыздағы білімге деген құштарлық пен табандылық — еліміздің дамуына қосар үлестеріңіздің бастауы. Түлектерімізге алдағы ҰБТ мен болашақ өмір жолында сәттілік тілеймін. Әр таңдауыңыз сәтті шешімге, әр қадамыңыз жарқын болашаққа бастасын!
Қымбатты ұстаздар, сіздерге алғысымыз шексіз. Бала бойына білім мен тәрбие дәнін сеуіп, болашаққа жол сілтеген еңбектеріңіз ерен. Сіздің төккен тер мен көрсеткен өнегеңіз мәңгі жадымызда.
Құрметті ата-аналар, сіздердің қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз — балалардың табысының берік негізі. Сіздермен бірлесе отырып, біз жас ұрпақты тәрбиелеу жолында зор нәтижелерге қол жеткізіп келеміз.
Баршаңызға жарқын жазғы демалыс, амандық пен табыс тілеймін! Келер оқу жылында жаңа белестерге бірге жетейік!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-bilim/press/news/details/1002861?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау