Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы жарияланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі  «Парыз»  конкурсы  (бұдан әрі – конкурс) бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және жүзеге асыруға бағытталған.

Байқау екі кезеңде: өңірлік және республикалық деңгейде өтеді. Оған жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. 

  1. Байқау лауреаттарының атақтары үш номинация бойынша беріледі:
  2. шағын кәсіпкерлік субъектісі;
  3. орта кәсіпкерлік субъектісі;
  4. ірі кәсіпкерлік субъектісі; 

және төрт санат бойынша:

  1. «Үздiк әлеуметтiк жауапты кәсiпорын»—  бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкiндiгi шектеулi адамдарды әлеуметтiк бейiмдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтiк төлемдердi төлеудi, кадрларды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлау жүйесiн ұйымдастыру, мүмкiндiгi шектеулi адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) iске асыратын үмiткерлердiң кызметi қаралады;
  2. «Еңбектi қорғау саласындағы үздiк кәсiпорын»— бұл номинацияда еңбек кызметi процесiнде қызметкерлердiң денсаулығын сақтауға мүмкiндiк беретiн еңбек жағдайларын жасайтын үмiткерлердiң қызметi қаралады;
  3. «Үздiк ұжымдық шарт» — бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердiң еңбек және әлеуметтiк құқықтарын едәуiр жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
  4. «Экологияға қосқан үлесi үшiн»— бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын iске асыруда ерекше көзге түскен үмiткерлердiң қызметi қаралады.

және «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы жүлдесі

Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi жөнiндегi «Парыз» конкурсына үмiткерлерден өтiнiмдер 2025 жылдың 1 маусымына дейiн  «Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» КММ Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы,Абай Құнанбаев көшесi 10/3  мекен жайында қабылданады. Анықтама үшiн телефон 2-15-64.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ozsp-mamlyut/press/news/details/1002746?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version