Шымкентте найзағай мен күшті жел күтіледі!
23 мамыр күні таңертең және күндіз Шымкент қаласында найзағай болжануда.
Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Төтенше өрт қауіптілігі сақталады!
Ауа райы құбылыстары кезінде абай болыңыздар! Электр сымдарына, ағаштарға және ашық алаңдарға жақындамаңыздар.
Ақпарат көзі: «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы филиалының дауылды ескертуі №14 ҚҚ (22.05.2025)
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1003157?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау