«Жастар СӨС үшін» ЖҚБ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Солтүстік Қазақстан облысының орта мектептері мен гимназияларының оқушылары, табиғатты қорғау тақырыбына оқушылар үшін экологиялық сағат өткізу» жобасы іске асырылуда.
2025 жылғы 22 мамырда «Табиғатты сақтайық!» (су ресурстарын ұтымды пайдалану және қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауды насихаттау бойынша).
Іс-шара барысында қатысушылар 2 кезеңнен тұратын викторинаға қатысу үшін 6 командаға бөлінді. Оқушыларға тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеудің, су ресурстарын сақтаудың маңыздылығы туралы анимациялық фильмдер мен презентациялар көрсетілді, тақырыптық викториналар өткізілді.
Жеңімпаз командалар дипломдармен марапатталды, барлық қатысушыларға көтермелеу сыйлықтары (тәтті сыйлықтар) табысталды. Іс-шараға 116 оқушы қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tabigat/press/news/details/1003005?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау