«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері №32 мектептің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Полиция – балалардың қорғаны» тақырыптық күні аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қауіпсіз маршрут» атты профилактикалық әңгіме өткізді.
Профилактикалық әңгімені кітапханашы: қаламыздың көшелері мен жолдарында адамдардың, соның ішінде балалардың қаза тауып, зардап шегетін жол-көлік оқиғаларының көптеп орын алатынын айтып бастады. Жол-көлік оқиғаларының басты себебі – жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін білмеу немесе сақтамау екенін айтты.
Сонымен қатар балаларға жолдан қалай дұрыс өту керектігін, қай жерлерде өте мұқият болу қажеттігін жеткізді. Жаяу жүргіншілердің жүріс-тұрысының негізгі ережелеріне ерекше назар аударып, жолға шықпас бұрын қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне және жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың салдарының қаншалықты қауіпті екені түсіндіріліп, жол қозғалысы ережелерін білу және оны бұзбау, ересектер мен балалардың ғана емес, жолдағы көлік тізгіндеген адамдардың да денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектесетіні айтылды.
Қатысушылар тақырыптық карточкалар мен плакаттардың көмегімен ойын түрінде жол қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы туралы ақпарат алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1002932?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау