Қазалы ауданындағы №226 мектеп-гимназиясы «Үздік 100 мектеп» қатарына енді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Департамент басшысы Ғалия Даулетова Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі Бердікен Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназиясына барып, мектеп бітіруші түлектердің салтанатты жиынына қатысты.
 
Салтанатты жиын барысында Департамент басшысы №226 мектеп-гимназия 2024-2025 оқу жылының қорытындысымен еліміздегі «Үздік 100 мектеп» қатарына енгендігіне тоқталып, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың арнайы құттықтауын жеткізді.
 
Бұл ұжымның мазмұнды да нәтижелі еңбегінің, ұстаздардың жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі кәсіби шеберлігінің, білім беру процесіне жаңашыл идеялар мен заманауи әдістерді табысты енгізудің, оқушылардың жоғары жетістіктерінің, ата-аналардың сенімі мен қолдауының айқын көрінісі.
 
«Үздік 100 мектеп» қатарына ену үшін оқушылардың білім сапасы,сыртқы бағалау қорытындылары, олимпиада мен ғылыми жоба көрсеткіштері, педагогтердің біліктілігі, материалдық-техникалық база, білім алушыларға қауіпсіз орта құру, мектепте қалыптасқан дәстүрлер мен корпоративтік мәдениетті сақтау бойынша жұмыстар сараланған.
 
Бердікен Мергенбаев атындағы №226 мектеп-гимназияның оқушылары республикалық техникалық сайыстарының жеңімпаздары, ғылыми жобалар мен пәндік олимпиадалар жүлдегерлері. Биылғы жылы мектеп-гимназияны 49 түлек бітіріп шықты. Жас түлектерге сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1003099?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version