Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Новосібір облысында болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы 22 мамырда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Кольцово мен Академқалашықтың дамуы бойынша тәжірибені зерделеу мақсатында Новосібір облысына жұмыс сапарын жасады.

Сапар аясында қазақстандық делегация мүшелері Новосібір ғалымдар үйінде Новосібір облысының губернаторы Андрей Травниковпен және Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің төрағасы Валентин Пармонмен жұмыс кездесуін өткізді. Сонымен қатар, олар Кольцово ғылым қалашығына шолу экскурсиясына қатысып, Академқалашықтың технопаркін аралап, «Сібір сақиналы фотон көзі» атты бірлескен пайдалануға арналған орталықтың құрылыс алаңымен танысты.

Сапар Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елде жоғары технологиялық экономикалық салаларды дамыту мен ғылыми әлеуетті арттыруға бағытталған ғылым қалашықтарын құру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-omsk/press/news/details/1003057?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version