Құқықтық сауаттылық – «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырудағы басты басымдық

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі – «Заң мен тәртіпті» жүзеге асыру жалғасуда. Бұл тек ұран емес, азаматтардың құқықтарын қорғаудың және өңірлерде құқықтық тәртіпті нығайтудың тиімді тетігі болып табылады.

Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың кезекті сапары өтті.

60-тан астам тұрғын заң көмегіне жүгінді. Олардың сұрақтары нақты әлеуметтік мәселелерді көрсетеді: әлеуметтік қолдау бағдарламаларына қатысу, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, әкімшілік және отбасылық заңнама нормаларын түсіндіру, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын ресімдеудегі қиындықтар және басқа да мәселелер.

Естеріңізге сала кетейік, әрбір тұрғын заң аясында заң көмегін алуға және өз құқықтарын қорғауға құқылы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ өз жұмысын жалғастыруда.

#Заң_мен_Тәртіg

#ЗАҢменТӘРТІП

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-bko/press/news/details/1003265?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version