САРЫАҒАШ: МЕКТЕБІМ САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Сарыағаш ауданының мектептерінде соңғы қоңырау болып өтті.  Мектеп – мол қазынасы мөлдіреп жатқан, сол мөлдір әлемнен өзіне керек асыл мен жауһар секілді баға жетпес, «білім» деген байлықты алып, өміріңе нәр беретін алтын ұя. Жарқын шақтардың елесі қалар, ерке балалығыңның куәсі болар бірден-бір киелі мекен – мектептегі мерекеге орай Сарыағаш қаласында  орналасқан  №4 Ю.Гагарин атындағы  мектепте де  «Мектебім саған мың алғыс» атты салтанатты шара  ұйымдастырылды.

 

Салтанатты шараға аудан әкімі   Арман Абдуллаев , ауданның білім   бөлімінің  басшысының міндетін уақытша атқарушы  Әшірбек  Адеев, білім саласының ардагерлері мен ұстаздар қауымы, ата-аналар қатысты. Аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, мектеп бітіруші және мектеп табалдырығын жаңадан аттаған жас жеткіншектерге сәттілік тіледі.

 

Айта кетсек, биылғы оқу жылында аудан бойынша 3714 оқушы мектеп бітіріп, олардың  3057 Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады, соның ішінде 278 оқушы «Алтын белгіге» үміткері.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1002870?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version