Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы 2025 жылғы 22 мамырда «Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжі» базасында Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті және Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қолдауымен «Төтенше жағдайлардағы тұрғындардың қауіпсіздігі» тақырыбында азаматтық қорғаныс бойынша облыстық семинар-тренинг өткізді.
Іс-шара техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылық және педагогикалық құрамының төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге дайындық деңгейін арттыру және білім беру мекемелеріндегі азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар барысында шақырылған лекторлар:ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының бастығы – Лапенлавский Игорь Васильевич,Өскемен қаласы ТЖБ бастығының орынбасары – Кисамбин Аян Сайлауканович,ШҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, подполковник – Байжуминов Алмас Агламбекович сөз сөйлеп, дәріс берді.
Төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету принциптерін үш алаңда ШҚО ДСБ «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК мамандары көрсетті.
Іс-шараға облыс және қала бойынша 31 колледждің өкілдері мен 200-ден астам студент қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1003116?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау