Тоқжайлау ауылдық округі Тоқжайлау көпсалалы колледжінің «Тоқсаябақ» алмабағы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🏫Тоқжайлау көпсалалы колледжі 2025 жылы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында студенттердің тәжірибелік білімін арттыру және ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында 4 гектар жерге «Тоқсаябақ» атты алмабағын ашты.
🍎Бұл бақтың басты мақсаты – студенттерге агротехникалық дағдыларды үйрету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және өңірдің ауыл шаруашылығына үлес қосу.
📚Тарихы
🍏«Тоқсаябақ» жобасы алғаш рет 2024 жылдың соңында колледж басшылығы мен агрономия саласы мамандарының бастамасымен жоспарланды. Бақ салу идеясы ауылдық жерлерде агробілімді дамыту мен студенттерге кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында туындады. Ұзақ мерзімді мақсат – бұл бақты колледждің оқу-тәжірибелік алаңына айналдыру және түлектерді нақты еңбек нарығына бейімдеу.
🍐2025 жылдың көктемінде жерді дайындау, егу жұмыстары мен суару жүйелерін енгізу секілді алғашқы қадамдар жүзеге асты. Бақтың атауы – «Тоқсаябақ» деп қойылып, ол колледж атауы мен табиғатпен үйлесімділікті білдіретін символ ретінде таңдалды.
🌳 Отырғызылған алма сорттары мен саны:

№ Алма сорты Түбінің саны
1 Сиверс алмасы – 500 түп
2 Американка – 200 түп
3 Қызыл жар – 200 түп
4 Ранет – 200 түп
5 Мақсат – 168 түп
6 Стар Кримсон – 166 түп
7 Голден Делишес – 166 түп
8 Күлжинка – 100 түп
Жалпы саны: 1 700 түп🎯 Жобаның маңыздылығы
* Білім беру: Студенттерге ауыл шаруашылығының практикалық негіздерін үйрету.
* Экология: Жасыл желектерді көбейту арқылы экологиялық тепе-теңдікті сақтау.
* Қоғамдық пайда: Жергілікті қауымдастыққа сапалы жеміс өнімдерін ұсыну.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-tokzhailau/press/news/details/1002793?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version