ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТТЫ ШАРАСЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов екі мың жылдық тарихы бар Қарнақ ауылындағы М.Қашқари атындағы жалпы орта мектепте өткен «Соңғы қоңырау» салтанатты шарасына қатысты.
Салтанатты жиында қала басшысы мектеп ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, бітіруші түлектерге жылы лебізін білдіріп, түлектерге ақ жол тіледі.
Сондай-ақ оқушылардың биылғы жетістігінің нәтижесінде М.Қашқари жалпы орта мектебі ҚР білім министрінің «Үздік мектеп» номинациясына ие болды.
Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Кентау қаласы бойынша 657 оқушы мектеп бітіреді. Оның ішінде, 599 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірген. Ал 49 түлек – «Алтын белгіге», 32 түлек – «Үздік аттестатқа» үміткер.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1003016?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version