Оқу жылының қорытындысы ретінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ел бойынша «Үздік 100 мектеп» тізімі жарияланды. Абай облысынан 5 мектеп еліміз бойынша үздік деп танылды!
«Үздік мектеп-2025» марапатын Аймақ басшысы Берік Уәлиұлы және Абай обылысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері арқылы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың атынан табыстады.
Биыл өңірде 100 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды. 5478 оқушы 11 сыныпты бітіріп, жаңа өмірге жолдама алады. Оның 362-сі – «Алтын белгіге» үміткер.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-abay/press/news/details/1003258?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау