«Заң және тәртіп керуені» акциясы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Қызылорда облысында облыстық прокуратура  бастамасымен «Заң және тәртіп керуені» акциясының қорытынды жиыны өтті.

Аталған шарада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Қуаныш Ахметқалиев  «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – қоғамның ортақ міндеті» тақырыбында баяндама оқып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын-алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, жемқорлықтың алдын алу тетіктері мен құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша кеңінен ақпарат берді.

Шара соңында қоғамда парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында түсірілген әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, қатысушылардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.

#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/1003026?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version