Жеңіс күні – мәңгілік ерліктің белгісі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні – халқымыздың батырлығы мен қайсар рухын бейнелейтін, тарих бетінде алтын әріппен жазылған мерейлі мейрам. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері «Мәңгілік алау» мемориалдық кешенінде өткен соғыс құрбандарын еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Шара барысында жиналғандар бір минут үнсіздікпен Отан үшін жанын қиған боздақтарды еске алып, ерліктерін тағзым етті. Бұл – ұрпақ жадына ұлы ерлікті сіңіру, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру мақсатындағы маңызды дәстүр.
Осылайша, біз бейбіт күннің бағасын біле отырып, болашаққа сеніммен қадам басамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1003086?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version