20 мамыр күні КМҚК «Борас орта мектеп-бақшасы» аудандық сейсмотренировкалық жаттығуға қатысты. Жаттығудың мақсаты – жер сілкінісі жағдайында қызметкерлер мен оқушылардың әрекеттерін пысықтау болды.
Жаттығу барысында дабыл сигналына сәйкес әрекет ету, оқушылар мен қызметкерлерді мектеп ғимаратынан эвакуациялау, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде жауапты тұлғалардың әрекетке дайындығы тексерілді. Барлық қатысушылар ұйымдасқандық пен жауапкершілікті көрсетіп, азаматтық қорғаныс жоспарына сәйкес тапсырмаларды орындады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/beskaragay-roo/press/news/details/1002798?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау