19 мамыр 2025 жылы Тексеру комиссиясында алдағы «Салықтық әкімшілендірудің, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығының, облысты дамыту жоспарының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауға, сондай-ақ Астрахан ауданына бөлінген бюджет қаражатының (активтерінің) пайдаланылуына мемлекеттік тиімділік аудиті» аудиторлық іс-шарасы бойынша техникалық оқу өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        Оған Тексеру комиссиясы мүшесі А.Б. Қаркенов, Тексеру комиссиясы аппаратының басшысы А.М. Кенжебаев, мемлекеттік аудиттің сапасын бақылау бөлімінің басшысы Р.А. Қадырбеков, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы – әдеп жөніндегі уәкіл И.Х. Ғазизов, мемлекеттік аудит тобының қатысушылары қатысты.

        Техникалық оқу барысында тексеру комиссиясы мүшесі А.Б. Қаркенов мемлекеттік аудит тобының қатысушыларына Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтау бойынша түсініктемелер берді. Сондай-ақ, аудит бағдарламасының және аудит нәтижелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес көрсету мәселелері қаралды және талқыланды.

        Әдеп жөніндегі уәкіл И.Х. Ғазизов мемлекеттік аудит тобының назарына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, мемлекеттік аудиторлардың кәсіби этикасы қағидаларын, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін жеткізді.

        Мемлекеттік аудиттің сапасын бақылау бөлімінің басшысы Р.А. Қадырбеков мемлекеттік аудиторларға тиімділік және сәйкестік аудитін жүргізу кезінде бірқатар практикалық ұсыныстар берді.

        Мемлекеттік аудит тобының қатысушылары мемлекеттік аудиттің әрбір нысанын алдын ала зерделеу туралы ақпаратты талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1002178?lang=kk

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version