Өнерге жақын жас жеткіншектердің көптен күткен есеп беру концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
2 “Г”, 2 “Д”, 2 “Е” сыныптарының оқушылары 2 жыл бойы театр және хореография сабағында алған білімдерін үлкен сахнада көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Концерт барысында әр сынып өз өнерін жан-жақты танытты:
2 “Г” сыныбы ұлттық рухты ұлықтаған «Қара жорға» биімен сахна шымылдығын ашып, әйгілі Майкл Джексон стиліндегі биді орындап, ерекше көзге түсті. Сонымен қатар, олар «Түйме қыз» атты әсерлі көрініс қойды.
2 “Д” сыныбы көрермендерді серпілткен рок-н-ролл биімен, ширақ орыс биімен қуантты. Одан бөлек, Абай Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасы бойынша әсерлі көрініс ұсынды.
2 “Е” сыныбы «Бір шаңырақ астында» атты тәрбиелік мәні зор көрініс көрсетіп, заманауи баю бай биімен, көркем өзбек биімен көпшіліктің көңілінен шықты.
Концерттің шарықтау шегі – барлық оқушылардың қатысуымен өткен финалдық би болды. Балалардың сахнадағы әрбір қимылы мен образы – ұстаздарының еңбегі мен балалардың жанкешті дайындықтарының жемісі.
Бұл концерт – болашақ жұлдыздарға жол ашатын алғашқы баспалдақ!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksu-goo/press/news/details/1002601?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау