«Абай оқулары» XXVI республикалық (халықаралық) шығармашылық байқауын өткізу туралы ақпараттық анықтама

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жалпы ақпарат

Ұлы ойшыл, ақын әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай, 2025 жылы «Абай оқулары» республикалық шығармашылық байқауы алғаш рет халықаралық форматта өткізіледі.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Абай облысының білім басқармасы.

Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы
Өткізу мерзімі: 18–21 маусым 2025 жыл
Қатысушылардың келу күні: 18 маусым
Қайту күні: 21 маусым

Байқаудың мақсаты – Абайдың әдеби әрі рухани мұрасын кеңінен насихаттау, оқушылардың классикалық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ шетелдегі қазақ жастарын тарихи, мәдени және тілдік негізде біріктіру.

Қатысушылар

Байқауға келесі санаттағы қатысушылар шақырылады:

  • Қазақстан мен шет мемлекеттердегі 8–11(12) сынып оқушылары;
  • Облыстық/аймақтық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары;
  • Әр команда 5 оқушыдан (әр номинация бойынша 1) және    1 жетекшіден тұрады.

Номинациялар

Байқау 5 негізгі номинация бойынша өткізіледі:

  1. «Абайдың асыл мұрасы» – Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.
  2. «Абайдың ақын шәкірттері» – Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия шығармаларын жатқа оқу.
  3. «Әнді сүйсең менше сүй» – Абай, Шәкәрім және олардың шәкірттерінің әндері мен күйлерін орындау.
  4. «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» – Қатысушының авторлық өлеңін оқу.
  5. «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» – Абай бейнесін көркем шығармалар арқылы талдау.

Шығындар мен ұйымдастыру мәселелері

  • Қатысушылар мен жетекшілердің тұруы және тамақтануы (18–21 маусым аралығында) ұйымдастырушылар есебінен қамтамасыз етіледі.
  • Жол шығындары – қатысушыларды жіберуші тарап есебінен.
  • Визалық режим қолданылатын елдерден келетін қатысушылар үшін визалық қолдау көрсетіледі (шақыру хаттары, растау құжаттары), ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегімен жүзеге асады.

Танымдық-мәдени бағдарлама

Байқау барысында қатысушыларға арналған арнайы экскурсиялық бағдарлама ұйымдастырылады, оның аясында:

  • Сырт Қасқабұлаққа — Абайдың туған жеріне сапар;
  • Абай мен Шәкәрім кесенелеріне зиярат;
  • Абай мен Мұхтар Әуезовтің әдеби-мемориалдық мұражайларына (Бөрлі ауылында) бару;
  • Семей қаласы бойынша шолу экскурсиясы – қазақ зиялыларының рухани астанасы саналатын өңірді таныстыру.

Қосымша ақпарат

Байқау туралы толық мәлімет, ресми ереже, өтінім беру тәртібі және жаңалықтар мына сайтта жарияланады: www.daryn.kz

Байланыс мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8/2,
«Алтын Орда» бизнес орталығы, 307-кабинет
Тел.: +7 (7172) 57 65 63
E-mail: info@daryn.kz 

Конкурстың ұйымдастыру комитеті

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-s-petersburg/press/news/details/1002531?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version