Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысындағы өкілі балалармен құқықтық әңгіме өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысындағы өкілі балалармен құқықтық әңгіме өткізді

2025 жылғы 21 мамыр күні Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Аққалқа Байдуллина Ақтөбе облысы Білім басқармасына қарасты санаторлық мектеп-интернат тәрбиеленушілерімен кездесті.
Кездесу барысында өкіл балалардың құқықтары, оларды қорғау жолдары, көмек сұрау мүмкіндіктері туралы құқықтық түсіндіру әңгіме жүргізді.

Өкіл балаларға адам ретінде олардың қадір-қасиетін сақтау, қауіпсіз ортада өмір сүру, білім алу, медициналық көмекке және қорғанысқа ие болу – олардың заңмен бекітілген құқықтары екенін түсіндірді.

Кездесу барысында келесі заңнамалық актілер туралы айтылды:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы (27-бап): Балалар – мемлекеттің қамқорлығында.
  • «Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2002 жылғы 8 тамыз, №345):

9-бап – баланың құқықтарын қорғау кепілдіктері;

10-бап – баланың ар-намысын, абыройы мен беделін қорғау;

15-бап – зорлық-зомбылықтан және қатыгез қарым-қатынастан қорғану құқығы.

  • Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы (Қазақстан 1994 жылы ратификациялаған):
    Әрбір бала қорғануға, қамқорлыққа, пікірін білдіруге, ақпарат алуға және қатыгездікке қарсы тұруға құқылы.

Сондай-ақ балаларға егер олар құқықтарының бұзылғанын сезінсе, ата-анасына, мұғалімге, мектеп әкімшілігіне, қамқоршылық органына немесе бала құқықтары жөніндегі Уәкілге, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілге сенім телефондарына жүгіне алатыны түсіндірілді.

Кездесу жылы әрі сенімді атмосферада өтті. Балалар көкейіндегі сұрақтарын қойып, өз құқықтары туралы пайдалы ақпарат алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/1002143?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version