Ақтөбе облысындағы Омбудсмен өкілі интернат ұжымымен құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Аққалқа Байдуллина Ақтөбе облысы Білім басқармасына қарасты санаторлық мектеп-интернаттың ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында интернат тәрбиеленушілеріне қатысты қатыгездікке, немқұрайлылыққа және кемсітуге жол бермеу тақырыбында құқықтық түсіндіру әңгімесі өткізілді.

Өкіл Қазақстан Республикасының заңнамасында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға ерекше назар аударылатынын атап өтті.
Атап айтқанда, Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы және «Баланың құқықтары туралы» Заң бойынша, әрбір бала қадір-қасиетін қорлаудан; қатыгез немесе адамгершілікке жатпайтын әрекеттерден; зорлық-зомбылық пен кемсіту формаларынан қорғалуға құқылы.

Қатыгез қарым-қатынасқа жол берген педагогтар мен қызметкерлер Қазақстан Республикасының Әкімшілік немесе Қылмыстық кодекстеріне (146 бап) сәйкес жауапқа тартылады.

Кездесу қорытындысы бойынша интернат қызметкерлеріне тәрбиеленушілердің ар-намысы мен құқықтарын құрметтеу, заңға сай әрекет ету, сондай-ақ балалармен қарым-қатынаста педагогикалық этиканы сақтау бойынша ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/1002137?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version