Astana Tourism ҚР Бас мешітінің ұйымдастыруымен елордалық гидтер мен экскурсоводтарға оқыту курстары мен тренингтер өткізді.
Жаңа талаптарға сәйкес, биылдан бастап, Бас мешітте экскурсиялық қызметті тек аккредиттелген мамандар өткізе алады. Бұл – Елорданың басты көрнекіліктерінің біріне айналған Бас мешіттегі экскурсиялық ақпараттың сапасын және шынайылығын арттыруға бағытталған.
Қатысушылар кәсіби білім алып, нәтижелі емтихан тапсырды және 50-ден астам маман ресми аккредитация алды. Сондай-ақ, мәдени туризм саласындағы біліктіліктерін арттырды.
Бұл бастама экскурсиялық қызмет көрсетудің біртұтас стандартын қалыптастыруға және елордамыздың туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1002317?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау