Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Талапкер тұйық көшесінің К.Байсейітова көшесінен Ақан Сері көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 24-30 мамыр аралығында көрсетілген учаскелерде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1002692?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау