Аудан басшысы Азат Оралбаев бүгінгі Бөржар мен Бадам ауыл округтеріндегі кездесуден соң аталған елді мекендердегі бірқатар нысандарды аралады.
Алғашқы кезекте TOO «Keruen Products» өндірістік бірлестігіне барып ондағы өндіріс пен кәсіптің мән жайымен танысты. 5,5 гектар аумақта орналасқан бұл өндірістік жоба іске қосылғанда макаронның 10 түрін және тез дайындалатын кеспе түрлерін шығарып, жылына 14000 тонна өнім өндіретін болады. Ең бастысы 120 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып, тиісінше салық төлеп, жергілікті бюджеттің кіріс көлемін арттырады.
Келесі кезекте Бадам ауылында бой көтеріп жатқан құрылыс құны 580 млн теңге болатын мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарын қадағалады. Аталмыш нысанда 250 орын бар көрермен залы орналасып, ауыл мәдениеті өркендемек.
Одан әрмен жауапты мамандармен бірге Ұялыжар ауылындағы Абай көшесіндегі аяқжол салу, Сәтбай Болыс көшесіндегі асфальт төсеу, Қайнар елді мекеніндегі трансформатор орнату мәселелерін зерделеді. Одан бөлек Ынтымақ ауылындағы 200 орындық мектеп құрылысының барысын пысықтап, жұмыс барысындағы бірқатар кемшін тұстарға ескертулер жасап, жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1002121?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау