Біртұтас тәрбие жоспары негізінде Абай атындағы ЖОББ мектебінің 1-11 сынып оқушылары ата-аналарының “Оқушылардың жазғы еңбек қызметі мен жазғы демалысын ұйымдастыру” тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жиналыс барысында ата-аналармен келесі маңызды мәселелер талқыланды:

1. “Егу және иммундау” тақырыбында Аку қаласының Мемлекеттік эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Откенова Дана Сейсенбайқызы және Нурлыбек Қымбат Қайратқызы (жалпы тәжірибелік дәрігер) баяндама жасады.

2. “Балалардың өрт пен судағы қауіпсіздігі” жайлы — Төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы, азаматтық қорғау майоры Нургожин Азамат Капарбекұлы сөз сөйледі.

3. “Жазғы уақытта балалардың өмір қауіпсіздігі”, “Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу”, “Вейп – денсаулыққа өте қауіпті”, “Жарақаттанудың алдын алу (скутер, велосипед, самокат)”, “Теміржол бойы – қауіп көзі” тақырыптарында Аку қаласының учаскелік полиция қызметкерлері — аға лейтенант Дербисов Абдигазиз Абдиганиевич пен полицияның учаскелік инспекторы, кіші сержант Бутеева Назгүл Бауыржанқызы ақпарат берді.

Жиын барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.

Балаларымыздың амандығы – баршаға ортақ жауапкершілік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksu-goo/press/news/details/1002596?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version