«BOOK & ART» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА «СУРЕТ ПЕН СӨЗДІҢ ҮНДЕСТІГІ» АТТЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕР САБАҒЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Book & Art» жобасы аясында «Сурет пен сөздің үндестігі» тақырыбында бейнелеу өнер сабағы өтті. Кеш барысында №13 бөбекжай бүлдіршіндері өлең тақпақтарын айтып, би билеп, күй мен ән айтты.

Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясындағы қызмет көрсететін бейнелеу өнері бойынша ЖК «ЖанКөркем» және ЖК «Нуржанов» ЖК «Дарынды» дамыту орталықтарының балалар үйірмесінің қатысушылары тақырыпқа сай суреттер салды.

Кітапхана қызметкері – Ақнұр Әбдірахманова балалардың кітапқа деген қызығушылығын тудыратын қазақ ертегілері мен танымдық энциклопедияларға шолу жасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1002381?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version