2025 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Аққалқа Байдуллина балалардың құқықтарының сақталуын бақылау мақсатында облыстық білім басқармасына қарасты санаторлық мектеп-интернатқа мониторингтік сапармен барды.
Мониторингтің негізгі мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарының сақталуын, білім беру, емдеу-сауықтыру жағдайларының талаптарға сәйкестігін және балаларға деген қарым-қатынас этикасының орындалуын тексеру болды.
Сапар барысында мекемедегі тұрмыс жағдайы, білім беру үрдісі, педагогтар мен тәрбиешілердің жұмысы, медициналық қызмет көрсету сапасы, тамақтандыру, санитарлық-гигиеналық жағдайлар және балалардың психо-эмоционалдық жай-күйі бағаланды.
Сондай-ақ балалардың өз құқықтарын білу деңгейі, шағымдану механизміне қолжетімділік және ата-аналарымен, қамқоршыларымен байланыс орнату мүмкіндіктері қаралды.
Мониторинг нәтижесінде бірқатар ұсыныстар беріліп, балалардың құқықтарын одан әрі қамтамасыз ету мақсатында білім беру мекемесіне құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өңірде білім беру ұйымдарына мониторинг жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/1002129?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау