Қала әкімі тұрғындарды қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтар жол жөндеу жұмыстары, тұрғын үй, жер кезегі, электр бағаналарының орнын ауыстыру, жаяу жүргіншілер жолының сапасы, балалар ойын алаңшасын жаңғырту және қоқыс контейнерлерін орнату, көше бойындағы жабайы сауда орындарын жүйелеу мәселесі бойынша сауалдар қойды.

Сонымен қатар қураған талдарды кесу, қараусыз нысанды бұзу, заңсыз құрылыспен күрес жұмыстары бойынша мәселелер көтерді.

Қала тұрғындарының сұрағын мұқият тыңдаған шаһар басшысы зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында шешім қабылданатынын айтып, азаматтардың өтініш-тілектерін жауапты мамандарға тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1002147?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version