ҚР Энергетика министрлігі «Атамекен» ҰКП өкілдеріне отын-энергетика кешенінің ситуациялық-талдау орталығын таныстырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Kazenergy» қауымдастығы бірлесіп, «ҚР отын-энергетика кешенінің Ситуациялық-талдау орталығы» АҚ (СТО) алаңында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдеріне орталықтың мүмкіндіктерін таныстырды.

Орталықтың негізгі мақсаты – жедел деректер жинау, тәуекелдерді басқару, басқарушылық шешімдер қабылдау және олардың орындалуын бақылау. Орталық диспетчерлік қызметтің функцияларын орындай отырып, мониторинг жүргізеді және талдамалық есептілік ұсынады. Бұл отын-энергетика саласын, ел үшін стратегиялық маңызы бар саланы басқарудың тиімділігін едәуір арттырады.

Іс-шара аясында Энергетика министрлігінің цифрландыру департаментінің директоры Алексей Анисимов пен СТО басқарма төрағасы Берік Әбдиев Energy Tech платформасы негізінде әзірленген негізгі ақпараттық жүйелерді таныстырды. Атап айтқанда:

  1. Күзгі-қысқы кезеңге дайындық пен оны өткізу барысын мониторингілеу жүйесі;
  2. Мұнай жеткізілімдерін бөлу жүйесі;
  3. Сұйытылған мұнай газы жеткізілімдерін бөлу жүйесі;
  4. Ситуациялық-талдамалық dashboard және өзге де жүйелер.

Алексей Анисимовтың айтуынша, Энергетика министрлігі СТО-мен бірлесіп, ТЭК-ті басқарудың Бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін (БМАЖ ТЭК) белсенді түрде енгізіп жатыр. Цифрландыру процесінде ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл энергетика саласындағы технологиялық процестердің тұрақтылығы мен қорғалуын арттыру үшін аса маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1002110?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version