Ұлттық құрылтай құрамы өзгерді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кеше Ұлттық құрылтай құрамында ротация орын алды. Ұлттық құрылтайдың жұмысына қоғам өкілдері – Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Имамзада Шағыртаев, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров, Павлодар облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Бақыт Бексейітова және математик, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі Дурвудхан Сұраган тартылды.
Ротация аясында Ұлттық құрылтай құрамынан Л. Тараков (дүниеден өтуіне байланысты), Б. Қаниев, Қ. Бисенов, А. Орынбек, С. Сәдуақасов, М. Жабағин шығарылды.
ҚР ҰҒА академигі Қылышбай Бисенов Ұлттық құрылтай құрылғалы бері оның құрамында болды. Ұзақ жылғы тәжірибесіне сүйеніп, «Білім және Ғылым» секциясында техникалық, кәсіптік және жоғары білім беруге қатысты қолданыстағы нормативтік құжаттардың мазмұны бойынша бірқатар ұсыныс айтты.
Жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша берген ұсыныстары, қажырлы қызметі үшін Қылышбай Алдабергенұлына қоғамның құрметі мен ризашылығы шексіз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/press/news/details/1002218?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version