Бүгін, 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектептің базасында «Жақсы әке – жарқын болашақ» атты облыстық әкелер форумы өтті.
Ауқымды іс-шараның басты мақсаты – отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру, ер азаматтардың бала тәрбиесіне белсене араласуын қолдау және қоғамда жауапты әке бейнесін нығайту арқылы өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие беру.
Форум жұмысына балабақша, мектеп, колледж деңгейіндегі білім беру ұйымдарынан 180-нен астам әке қатысты.
Шара барысында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары А. Өрісбаев форум қатысушыларына сәттілік тілеп, отбасы институтында ер адамның тәрбиелік миссиясына тоқталып, қоғамда әкенің рөлін күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, форумға Маңғыстау облыстық әкелер одағының төрағасы Қонарбаев Аллаберген Азербайжанұлы, халық ақыны Қаржаубай Рейімбайұлы, еңбек ардагері Байесенов Мүсір Байесенұлы арнайы қатысып, ашық форматтағы диалог ұйымдастырып, өмірлік тәжірибелері мен өнегелі әңгімелерімен бөлісті.
Форум аясында мектеппен тығыз байланыста жұмыс жасап, бала тәрбиесіне белсене араласқан бірқатар әкелер арнайы марапаттарға ие болды.
Осындай тағылымды шаралар арқылы қоғамда жауапты әкелер институты нығайып, болашақ ұрпаққа үлгі болатын ер азаматтар қатары арта бермек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-edu/press/news/details/1002587?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау