2025 жылға арналған Шоғырландырылған баяндаманы әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесінде 2025 жылға арналған жабық мекемелерге алдын ала бару нәтижелері бойынша Шоғырландырылған баяндаманы әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.

Ісшараға Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, Үйлестіру кеңесінің хатшысы Раиса Шер, сондайақ Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушыларының есептері негізінде баяндаманың бөлімдерін әзірлеуге жауапты Үйлестіру кеңесінің мүшелері қатысты.

Отырысты аша отырып, Артур Ластаев 2024 жылға арналған Шоғырландырылған баяндаманы сапалы дайындағаны үшін қатысушыларға алғыс білдіріп, оның уақытылы әзірленіп, жоғары деңгейде орындалғанын атап өтті.

Жыл сайынғы Шоғырландырылған баяндама Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесімен ҰАТ қатысушыларының есептері негізінде дайындалады. Баяндамада жабық мекемелерде ұсталатын адамдармен қарымқатынас жағдайларын жақсарту және азаптаудың алдын алу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар, сондайақ заңнаманы жетілдіруге қатысты ұсыныстар қамтылады. Бұл құжат құзыретті мемлекеттік органдарға, сондайақ ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азаптауға қарсы комитетіне жолданады.

Отырыс барысында қатысушылар 2025 жылға арналған жаңа баяндаманы әзірлеу барысын талқылап, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс нәтижелерін ұсынды. Ұлттық алдын алу тетігінің мониторингтік топтары қылмыстықатқару жүйесі мекемелеріне, тергеу изоляторларына, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚКнің арнайы мекемелеріне, сондайақ денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесінің ұйымдарына барды. Бірінші тоқсан ішінде 100-ден астам мекемеге алдын ала бару жүргізіліп, олардың нәтижелері Шоғырландырылған баяндаманың негізіне айналмақ.

Баяндаманың мерзімінде дайындалуын қамтамасыз ету және оның талдамалық бөлігінің сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударылды. Құжатты әзірлеу жұмысына үйлестіру жүргізіп отырған Раиса Шер жұмыс топтарының міндеттеріне, сондайақ баяндаманың ресімделуі мен мазмұнына қойылатын талаптарға да тоқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-aktobe-oblysy/press/news/details/1002088?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version