«Альянс» вокал студиясының қорытынды есеп беру концерті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы 21 мамыр күні Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында «Альянс» вокал студиясының жылдық қорытынды есеп беру концерті жоғары деңгейде өтті. Концертке 300-ге жуық көрермен жиналды. Олардың қатарында студия тәрбиеленушілерінің ата-аналары, туыстары мен жанкүйерлері болды.
Кеш барысында жас орындаушылар жыл бойы меңгерген вокалдық шеберліктерін паш етіп, түрлі жанрдағы әндерді орындады. Әрбір нөмір ерекше дайындықпен, шабытпен және әсерлі сезіммен ұсынылды. Концерт көрермендерге шынайы қуаныш пен жарқын эмоция сыйлады.
Бағдарлама «Альянс» вокал студиясының жетекшісі, білікті педагог және кәсіби музыканттың жетекшілігімен ұйымдастырылды. Кеш соңында ата-аналар мен қонақтар концертке жоғары баға беріп, студия ұжымына алғыс білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1001726?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version