Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы 2025 жылға арналған негізгі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары негізінде «Ұйымдасқан балалар ұжымдарының теміржол көлігімен жолға шығу кезінде тағамнан улану жағдайларының алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту мақсатында «ҚАЗКӨЛІККӘСІП» ҚБ Қызылорда филиал, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШ «ГП Қызылорда бөлімшесі»филиал, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ филиалы-Қызылорда магистральды желі бөлімшесі филиал және «Жолаушылар тасымалы» АҚ«Батыс аймақ филиалы», «Nomadas» ЖШС, «ARLAN-TRANS-ASTANA» ЖШС, «Марал-Нұр» ЖШС, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Қала маңындағы тасымалы» филиалы Шымкент аймақтық телімі қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру семинар жүргізді.
Семинардың басты мақсаты – ұйымдастырылған балалар топтарының жол қауіпсіздігін және денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету.
Негізгі ережелер:
- Балалардың жеке гигиенасы қатаң бақылауда болады;
- Жолда тез бұзылатын және кілегей, ет өнімдерін сатып алуға тыйым салынады;
- Балалар ауыз сумен толық қамтамасыз етілуі тиіс;
- Медициналық қызметкер топпен бірге жүреді және алғашқы көмек қобдишасы болады;
- Рұқсат етілген жол азығына тек өнеркәсіпте өндірілген консервілер, печенье, шырын және су кіреді;
- Инфекция белгілері бар балалар жолға шықпайды, ауырған жағдайда оқшауланады;
- Ақпарат тиісті медициналық және санитарлық органдарға уақтылы жеткізіледі.
Семинарда қатысушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, сұрақтарына жауап берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1001753?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау