Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Қытайда жоғары деңгейде аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлы композитор, дирижер, Қазақстанның Халық артисі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерейтой аспан асты елінде – Қытай Халық Республикасында ерекше сән-салтанатпен өтті. Бұл тағылымды шара екі ел арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайтып, өнердің ұлт пен шекараға бағынбайтын әмбебап тіл екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Бұл шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевпен бірге облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғоджаевта қатысты.

Мерейтой аясында Бейжің қаласында өткен «Әлқисса» атты шығармашылық кеш көрерменге сазгердің сырлы әлемін паш етті.

Кештің көркем бөлімі Нұрғиса Тілендиевтің туған топырағы – Алатау баурайынан бастау алған киелі әуендердің әсем орындауымен жалғасты.

Сахна төрінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, композитордың қызы Дінзухра Тілендиева дирижерлық еткен Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық оркестрі халық жүрегінен орын алған шығармаларды орындап, тыңдаушыны тебірентті.

Шара аясында Қазақстанның Халық артисі, күйші Секен Тұрысбек, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Нұркен Әшіров пен Мадина Сәдуақасова және Алматы облысының үздік өнерпаздары өнер көрсетіп, мерекенің мәртебесін асырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-maslihat/press/news/details/1001855?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version